14 сәуір 2015 14:47

Назарбаев "Тоталь" компаниясының басшысын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорданың баспасөз қызметі © Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы "Тоталь" компаниясының президенті Патрик Пуяннені қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Елбасы "Тоталь" компаниясы елімізде 1993 жылдан бастап жұмыс істейтініне, ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысып келе жатқанына тоқталды.

"Алдымызда зор міндеттер тұр, соның бастыларының бірі Қашаған кенішін және компания жұмыс істейтін басқа да блоктарды игеру болып отыр. Қазақстанда "Тоталь" компаниясының қатысуымен Дәнекерлеу институты жұмыс істейді, күн энергетикасы саласындағы жобалар жүзеге асырылуда. Біз достық қарым-қатынастар мен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастық дәстүрін жалғастыратын боламыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, "Тоталь" компаниясының президенті шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аухалдың сақталуының маңыздылығын айта келіп, ынтымақтастық бұдан әрі дами береді деп үміттенетінін білдірді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети