Назарбаев Трамппен келіссөз жүргізді

?аза?стан Президенті "А?Ш - Ислам ?лемі" саммиті аясында бір?атар мемлекеттерді? басшыларымен ж?не делегация жетекшілерімен келісс?здер ж?ргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап. 
 
Мемлекет басшысы "А?Ш - Ислам ?лемі" саммиті аясында бір?атар мемлекеттерді? басшыларымен ж?не делегация жетекшілерімен ?ыс?а келісс?здер ?ткізді. Атап айт?анда, Н?рс?лтан Назарбаев А?Ш Президенті Дональд Трамппен ??гімелесті. ??гіме барысында екіжа?ты ?зара іс-?имылды? негізгі ба?ыттары, соны? ішінде сауда-экономикалы?, саяси ж?не м?дени-гуманитарлы? салаларда?ы байланыстарды тере?дету перспективасы тал?ыланды. Екі ел президенттері к?н т?ртібіндегі халы?аралы? м?селелер ж?нінде де пікір алмасты.

Қазақстан Президенті "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 
 
Мемлекет басшысы "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен қысқа келіссөздер өткізді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен әңгімелесті. Әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету перспективасы талқыланды. Екі ел президенттері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жөнінде де пікір алмасты.


© Ақорданың баспасөз қызметі

"Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөнінде Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен, Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, Йеменнің Президентімен, Мавритания Президенті Мохаммед ульд Әбдел-Әзизбен, Пәкістанның Премьер-Министрі Н.Шарифпен пікірлесті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмед әл-Усайминмен өзара іс-қимылдың кейбір аспектілерін талқылады.  

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті барысында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті. 

Кездесуде Қазақстан Президенті мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оның кейбір аспектілерін дамыту перспективаларын талқылады.


© Ақорданың баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Тиллерсон мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимыл көптеген бағыттар бойынша дамудың жаңа сапалы деңгейіне көтерілетініне сенім білдірді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news8
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама