Назарбаев Трампқа Путин жайлы не дегенін айтып берді

© akordapress

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев А?ордада ?ткен баспас?з конференциясы барысында А?Ш президенті Дональд Трамппен не жайында с?йлескенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен баспасөз конференциясы барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен не жайында сөйлескенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Журналистер Нұрсұлтан Назарбаевтан Дональд Трамппен телефон арқылы не туралы әнгімелескенін сұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде Қазақстан-Америка арасындағы қарым-қатынас жайында, екі елге ортақ компаниялар мен инвестициялар, сондай-ақ, ядролық қарусыздану мәселелерін талқылағандарын айтты.

Реклама
Реклама

"Әрине, мен біздің әріптес - Ресеймен қарым-қатынасы жайлы сұрадым. Себебі біз алғашқы әңгімемізде осы тақырыпта біраз сөйлескен едік. Мен батыстағылардың Ресейді дұрыс емес қабылдайтынын ашық айттым, Ресейдің президентін де. Ол мүлде басқа адам. Сол кезде ол: "Сен білесің ғой, біз Путинмен Германияда кездестік, енді барлығы қазіргі жағдайға байланысты". Меніңше, ынта болса, қарым-қатынасты реттеуге болады. (...) Америка мен Ресей - ірі ядролық мемлекеттер, әлемдік проблемаларды Америкасыз және Ресейсіз шешуге болмайды, - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Трамптың оны Ақ үйге шақырғанын айтып өтті.

Айта кетейік, қыркүйек айының басында Ақорда Трамптың Назарбаевқа телефон соққанын хабарлаған еді. Әңгіме барысында Трамп Назарбаевты EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада сәтті өткізуімен құттықтап, бұл шараға америкалық делегацияның қатысу қорытындысын жоғары бағалаған болатын.

Ал кейінірек Желіде Трамптың Назарбаевпен телефонмен сөйлесіп отырған суреті пайда болған еді. Суретті Трамптың командасындағы әлеуметтік желілер жөніндегі директоры Дэн Скавино Twitter желісіндегі микроблогында жариялаған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама