Назарбаев Тұңғыш Президент қорының басшылығымен кездесті

© Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент қорының басшылығымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Елбасыға Қордың 2015 жылғы және биылғы 5 айдағы қызметінің қорытындылары туралы, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан, жоспарланып отырған жобалар жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қордың өз қызметінде жаңа сапалы деңгейге көтерілуі қажет екенін атап өтті. "Қор жұмысының негізгі бағыты – ғылыми бағыт. Зерттеушілік бағыттың, соның ішінде әлемдік сарапшылармен саясат, экономика, халықаралық қатынас және қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың маңызы зор", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті Қор жүргізетін ғылыми зерттеулер аясында елді дамытудың өзекті мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеудің де өзектілігін атап өтті.

Елбасы Қор азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатыса отырып, өз жобалары арқылы халықты барынша молынан қамтуы тиістігіне назар аударды. Бұл ретте мәдениет, өнер және әдебиет саласындағы бастамалар биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында жүзеге асырылуы қажет.

Қордың атқарушы директоры Нұраханов есепті кезеңде ғылыми-шығармашыл жастарды қолдау, әлеуметтік бағдары бар жобалар мен қайырымдылықты жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық қызмет сияқты бағыттар бойынша 67 іс-шара өткізілгенін айтты.

Өткен жылы Қор жас буын үшін сыйлықтар, стипендиялар мен гранттар тағайындау жөніндегі дәстүрге айналған конкурстық бағдарламаларды іске асырды. Жұртшылықтың жоғары бағасын алған жаңа табысты жобалар қатарында "Алтын тобылғы" әдеби сыйлығы бар. Сонымен қатар, "Астана клубы" сарапшылық ұйымы жұмысын жалғастыруда.

Қор жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының директоры С.Әкімбеков халықаралық талдау орталығын үздік халықаралық стандарттарға сай дамыту жөніндегі міндеттің жүзеге асырылуына тоқталды. Институт өз қызметі аясында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар жөнінде зерттеулер жасап, баяндама дайындайды.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама