ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2021 | 17:58
Назарбаев түркі елдеріне ұсыныс жасады
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитінде түркі елдеріне ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің алғашқы ұсынысым: біз одан әрі дамуды жалғастырып, Түркі кеңесінің болашағына қатысты құжат қабылдауымыз керек. Бакудегі саммитте Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін ұйым деңгейіне көтеруді ұсындым.
Гуманитарлық және мәдени дамумен қатар біз бір-бірімізден көп нәрсе үйренеміз. Латын әліпбиін қолдану ортақ жүйе береді, соның арқасында біз жастарымыздың жаһандық деңгейде дамуына ықпал етуге мүмкіндік аламыз. Бізге бірге даму маңызды", - деді Елбасы.
Сондай-ақ, Назарбаев өзара сауданы дамытып, инвестиция тарту үшін жұмыс істеуіміз қажет екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также