12 қараша 2021 | 20:12

Назарбаев Түркі кеңесі көшбасшыларына үндеу жасады

Фото: Берік Уәли

Ыстамбұлда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (Түркі кеңесі) көшбасшыларының VIII саммиті басталды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саммит қатысушыларына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ыстамбұлда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (Түркі кеңесі) көшбасшыларының VIII саммиті басталды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саммит қатысушыларына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті мемлекет және үкімет басшылары, қымбатты достар! Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 8-ші саммитіне қатысушыларға ыстық сәлемімді жолдаймын. Президент Реджеп Таийп Ердоғанға бүгінгі кездесуге түркі кеңесінің құрметті төрағасы ретінде қатысуға шақырғаны үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Биыл көктемде менің бастамаммен өткен түркі кеңесінің бейресми онлайн саммитіне қатысқандарыңыз үшін алғысым зор. Сіздердің шешімдеріңіз бойынша Түркістан қаласы түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесіне ие болды. Жуырда сол қалада түрік тілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясының 10-шы мерейтойлық сессиясы сәтті өтті. Алла қолдаса болашақта қасиетті Түркістанға сіздердің де жолдарыңыз түседі деп сенемін. Қадірлі саммитке қатынасушылар елдеріңіздің егемендігін ең алғаш бауырлар Түркияның танығаны біздің халықтарымыздың есінде мәңгілік сақталады. Бұл белеске барша түркі елдерінің тарихи жетістіктері мен жеткені біз үшін зор мақтаныш. Сонымен қатар, мемлекеттеріміз алдарына жаңа өршіл ұлттық даму мақсаттарын қойып отыр. Президент Ильхам Ильдарұлы Әлиевтің басшылығымен қарқынды дамып келе жатқан Әзербайжан өзінің аумақтық тұтастығын қайта орнықтыруына бір жыл толғанын атап өтті. Бұл бәріміз үшін қуаныш. Қарабақта ауқымды қарқынды қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Президент Садыр Жапаров республикада күрделі саяси реформалар жүргізуші қолға алып, Қырғызстанның 2020 жылға дейінгі ұлттық даму бағдарламасын орындауға кірісті. Президент Реджеп Таийп Ердоған 2023 жылы Түркия республикасының 100 жылдығы қарсаңында елін жаңа жетістіктерге жетелеп келеді. Президент Шавкат Мирзиеевті Жаңа Өзбекстан стратегиясы бағдарламасын ұсынып, жуырда өткен мемлекет басшысы сайлауында айқын жеңіске жетуімен тағы да шын жүректен құттықтаймын.

Түрікменстан елі бейтараптық мәртебесін 55 жылдығын атап өтіп, президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің басшылығымен 2030 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан мырзаға түркі әлеміне көрсетіп келе жатқан жан-жақты қолдауы үшін алғысымды білдіремін. Барша түркі мемлекеттері басшыларына халықтарының қарыштап өсіп-өркендеу жолында алға қойған мақсаттарына жете беруін тілеймін.

Реклама
Реклама

Қымбатты достар, елдеріміздің жұмылған жұмысының арқасында осы саммитте аса маңызды шешімдер қабылданатын орта. Президент Гурбангулы Бердімұхамедовті бауырлас Түрікменстан елінің түркі кеңесіне бақылаушы ел ретінде қосылуымен құттықтаймын. Бұл қадамның маңызы зор және формалды түрде түркі елдерінің басы бірігуін білдіреді. 2 жыл бұрын менің Бакудегі көтерілген екі ұсынысымды қолдағандарыңыз үшін мемлекет басшыларына алғыс айтқым келіп отыр.

Біріншіден, түркі әлемінің келешегі 2040 стратегиялық құжаты әзірленді және қабылданады. Бұл концептуалдық бағдарлама ұйымның ұзақ мерзімді перспективаға арналған мақсаттарын белгілеп көрсетеді.

Екіншіден, бүгіннен бастап біздің бірлестік Түркі мемлекеттерінің ұйымы деп аталады. Бұл қадам елдеріміз арасындағы ықпалдастықты ілгерілету үшін жаңа деңгейге көтеріп, ұйымның мәртебелі миссиясын жүзеге асыруға тың серпін береді деп сенеміз. Осылайша Ыстамбұлда қабылданатын шешімдер бауырлас мемлекеттердің көп қырлы ынтымақтастығын жандандыруға елеулі ықпал етуге тиіс.

Құрметті мемлекет және үкімет басшылары бүгін түркі әлемінің даму тарихында жаңа дәуір басталғалы отыр. Бұл ретте менің пікірімше бұл басқосуда бірнеше месседж жолдауға болады.

Біріншісі бауырлас мемлекеттерге бағытталған. Біз олардың назарын түркі өркениетінің әлемдік тарихта көп ғасырдан соң алғаш рет қайта жаңғырып жатқанына аударып отырмыз. Түркі елдері бірігіп, жаңа күн тәртібі мен идеологиясын қалыптастыруда. Сонымен бірге, мемлекеттеріміздің ата-бабаларымыздың ортақ тарихы, руханы мұрасын қайта байыптау үдерістері жүріп жатыр.

Басқаша айтқанда, 21 ғасырда түркі әлемі қайта жанданып, кең ауқымды әрі ежелгі түркі шаңырағына жататын елдердің өзара белсенді жақындасуын білдіреді.
Екінші месседжіміз – жер бетіндегі ең алып құрлық – Еуразияға бағытталған. Біз Еуразия жұртшылығын қазіргі кезеңде үлкен ортақ құрлықтың ортасында орналасқан елдеріміздің түркі әлемінің парадигмасы шеңберінде үйлесімді жұмыс істеп жатқаны жөнінде хабардар етіп отырмыз. Осы ретте барлық ірі көршілеріміздің, әсіресе Ресей, Қытай, Үндістан және Еуроодақтың өміршең әрі өзара тұрақты қарым-қатынаста болуына мүдделіміз.

Оның үстіне, интеграциямыздың стратегиялық мақсаттарының бірі – түркі әлемінің негізгі өзегін құрайтын үлкен Еуразияның бірігуіне ықпал ету – бұл Еуразияның барлық мемлекетінің әрекеттеріне негізделген құрлықтық қауіпсіздік берік жүйесін қалыптастыруға да септігін тигізеді.

Үшінші месседж – бүкіл әлемге бағытталған. Біз осы жаңа ұйымның барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа дайын екенін паш етіп отырмыз. Оның ешкімге қарсы бағытталмағанын атап өткен жөн. Бұл жаңа блок емес. Қызметі Біріккен Ұлттар ұйымы жарғысының негізгі мақсаттары мен принциптеріне сай прогрессивті бірлестік. Түркі әлемінің ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының қалыптасуында маңызды роль атқарды. Ең алдымен Шығыс-Батыс бағытындағы қатынастардың кең контекстінде мәдениеттер мен өркениеттер арасын байланыстырып келді.

Сонымен бірге ол жалпы адамзат мәдениетінің рухани және материалдық қазынасына да өз үлесін қосты. Бүгін біз жаһандық тарихи эволюцияның жаңа кезеңінде сол үрдістің қайталануын көріп отырмыз.

Қымбатты достарым, өздеріңізге мәлім, осыған дейін мен Түркі тілдес елдер басшыларының тұңғыш басқосуынан бастап түрлі құрамда өткен 17 кездесуіне тікелей қатынастым. Осы Түркі кеңесінің құрылуына атсалысып, қолдау көрсеттім. Өткен жылдар ішінде түркі әлемінің қалыптасуы мен нығаюына еңбек сіңіргенім мен үшін үлкен абырой, зор ғанибет. Ұйымның құрметті төрағасы ретінде жаңа мәртебеде мен бауырлас түркі елдерін бір-бірімен жақындастыру үшін жалғастыруға ниеттімін. Баршаңызға табыс пен жақсылық тілеймін. Саммит жұмысының сәтті өтуіне тілектеспін", - деді Елбасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады