ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 сәуір 2016 19:31
Назарбаев Түркияда Лукашенкомен кездесті
Елбасы Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы байқаушы елдің - Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгіме барысында екі мемлекеттің басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылын одан әрі нығайту жайын талқылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Лукашенко халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шараларға тоқталды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу