14 ақпан 2014 19:30
Назарбаев Түркия президентімен сөйлесті
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның президенті Абдулла Гүлмен сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әңгімелесу барысында екі мемлекеттің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттарын талқылады, сондай-ақ сауда-экономикалық саладағы өзара ықпалдастықты жандандыру жолдарын айқындады. Бұдан бөлек, 2014 жылғы маусымда Түркияда өткізуге жоспарланған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің алдағы саммитіне дайындық мәселелері сөз болды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также