ПОДЕЛИТЬСЯ
26 наурыз 2019 | 08:53
Назарбаев Түркияның бұрынғы президенті және Польша басшысымен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүл және Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдулла Гүл және Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болған.
"Әңгімелесу барысында Абдулла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер әрі тәуелсіз Қазақстанның егемендігін бекемдеп, аймақтағы көшбасшы ел ретінде қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет қайраткері екендігін атап өтті", - делінген хабарламада.
Олар бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады. Абдулла Гүл Елбасына зор денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Польша Президенті Анджей Дудамен телефонмен сөйлесті.
"Польша Президенті Анджей Дуда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімінің тарихи мәні бар екенін атап өтті. Анджей Дуда Елбасының заманауи Қазақстанды қалыптастыру мен дамыту ісіндегі рөлін жоғары бағалап, достық пен сенімге негізделген Қазақстан-Польша ынтымақтастығын жемісті ілгерілетуге зор еңбек сіңіргені үшін алғыс айтты", - делінген хабарламада.
Олар тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты. Польша Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасына мықты денсаулық, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Показать комментарии
Читайте также