05 қараша 2018 17:41

Назарбаев Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекараны ратификациялау туралы заңға қол қойды

© REUTERS

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекараны ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекараны ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Президенттің "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы" Заңға қол қойғаны айтылады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram