03 желтоқсан 2021 | 08:39

Назарбаев Түркістан республикасын құруға неге қарсы болғанын түсіндірді

Оливер Стоунның Qazaq: The History of Golden Man жобасының екінші сериясында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанмен және Түркіменстанмен бірыңғай Түркістан республикасын құру ұсынылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оливер Стоунның Qazaq: The History of Golden Man жобасының екінші сериясында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанмен және Түркіменстанмен бірыңғай Түркістан республикасын құру ұсынылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсыныс 1991 жылғы 16 желтоқсанда Орталық Азия елдерінің саммитінде айтылыпты.

"Мен осында келгенде (Қазақстанға Мәскеуден келдім. - Еск.), Өзбекстан, Түрікменстан - бәрі менен не істеу керегін сұрай бастады. Біз Түрікменстанда, Ашхабадта жиналуды ұйғардық. Түркіменстанның марқұм президенті Сапармұрат Ниязов бізге бірігуді, Түркістан республикасын құруды ұсынды. Бұл қауіпті болар еді. Бұл қақтығыс, славян республикаларымен соғыс болар еді. Славяндар мен славян еместер арасында бөліну пайда болар еді", - деп бөлісті Назарбаев.

Реклама
Реклама

Ол бұл көптеген ұсыныстың бірі екенін түсіндірді.

"Мен және Өзбекстан Президенті мұндай идеяға қарсы шықты. Неліктен Ресей, Украина және Беларусь Кеңес Одағының таратылғаны туралы жариялады? Себебі сонау 1920 жылы Социалистік Республикалар Одағы құрылған кезде, осы үшеуі алғашқы қол қоюшылар болған. Ашхабадта отырғанда Ельцин бірнеше рет қоңырау шалып, бәрін Беловеж келісіміне қосылуға көндіруді өтінді", - деді Тұңғыш Президент.

Оның айтуынша, талқылау екі күнге созылды.

"Консенсус осылай болған соң, текетіресудің қажеті жоқ, тең құқылы мүше ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіру керек еді. Біз (Ресей, Украина және Беларусь басшылары. - Еск.) басшыларына бізге келіңіздер, біз қол қоямыз деп ұсындық. Беловеж келісімі 8 желтоқсанда, 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда ТМД құру туралы келісімге қол қойдық", - деді Назарбаев.

Назарбаев Жаңаөзенде 2011 жылы болған оқиға туралы айтып берді

Еске салайық, Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаевтан Qazaq: the History of Golden Man жаңа фильмі үшін сұхбат алған болатын. Фильмнің режиссері - украиналық және америкалық киноиндустрияның қайраткері Игорь Лопатенок, фильмнің музыкасын "Алтын глобус" иегері композитор Карло Силиотто, ал музыкасын "Астана Опера" симфониялық оркестрінің әртістері орындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная