ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қыркүйек 2018 | 15:30
Назарбаев Түркістанның даму жоспарымен танысты
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығын дамыту жобасымен танысты, - деп хабарлайлы Tengrinew.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығын дамыту жобасымен танысты, - деп хабарлайлы Tengrinew.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Түркістанның жаңа әкімшілік орталығының аумағын аралап көрген Мемлекет басшысы мемориалды тас қалау рәсіміне қатысты.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Түркістан қаласының даму перспективалары жөнінде облыс әкімі Ж.Түймебаевтың баяндамасын тыңдады.
Нұрсұлтан Назарбаевқа инфрақұрылым нысандарының, әлеуметтік-мәдени және спорт кешендерінің, сондай-ақ қаланың әкімшілік ғимаратының құрылыс жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, Назарбаев Түркістан қаласына ресми сапары барысында әуелі Түркістан қаласының даму копцепциясымен танысып, жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың ескерткіш тақтасын салтанатты түрде ашқан. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысына шаһардың жоспарымен толыққанды құлағдар етті.
Фото: Мақсат Шағырбаев
Жаңа қалашықтың жалпы жер аумағы 25 мың гектар. Алдағы уақытта қала аумағына қосымша 5400-ге жуық жер телімі қосылады. Онда облыстық әкімшілік, республикалық аумақтық бөлімшелер, көп қабатты тұрғын үйлер, театр, кітапхана, мұражай, мектеп, бала-бақша, стадион, емхана, саяқбақ сынды өзге де әлеуметтік нысандар мен түрлі құрылымдық органдардың ғимараттары орналасады.
Жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың аумағы тұрғын үйге бөлінген жермен қосқанда 670 гектар болды. Ал әкімшілік іскерлік орталықтың жер көлемі - 225 гектар.
Фото: Мақсат Шағырбаев
Әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, орталық құрылысының бірінші деңгейі 2019-2021 жылдарға жоспарланған. Бұл уақыт аралығында жалпы аумақтың 20 гектары игеріледі. Бұған жалпы 62,3 миллиард теңге бөлінген.
Құрылыстың алғашқы деңгейінде облыс әкімдігінің ғимараты (4545 шаршы метр), облыстық әкімшілік басқармалардың нысандары, (24 242 шаршы метр), республикалық аумақтық бөлімшелер (56 880 шаршы метр), Конгрес хол (15000 шаршы метр), "Түркістангенплан" орталығының (3000 шаршы метр) құрылысы толығымен аяқталады. Аталған ғимараттарды инженерлік жүйемен қамтамасыз ету үшін - 14,1 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр.
Фото: Мақсат Шағырбаев
Показать комментарии
Читайте также