Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының президентін қабылдады

Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының президентін қабылдады © Akorda.kz

Н?рс?лтан Назарбаев ?лтты? ?ылым академиясыны? президенті М?рат Ж?рыновты ?абылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулердің қазіргі заман талабына сай болуының маңыздылығын атап өтті. 

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті ғылымды басқаруды орталықсыздандыру ісінің өзектілігіне және ғылыми зерттеу жұмысын жекелеген университеттерде дамыту қажеттілігіне назар аударды.

Реклама
Реклама

"Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңызы зор", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Мұрат Жұрынов бірлестіктің халықаралық деңгейдегі беделінің артуына батыстық даму үлгісі септігін тигізгенін айтты.  

"Біздің академия - барлық беделді ғылыми бірлестіктердің мүшесі", - деді Ұлттық ғылым академиясының президенті.

Соңында Мемлекет басшысы ғылымның ел дамуындағы елеулі рөліне тоқталып, атқарып жатқан қызметтері үшін академия ғалымдарына алғыс білдірді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама