ПОДЕЛИТЬСЯ
27 мамыр 2017 | 13:20
Назарбаев университетінің есігі барлығына ашық - Президент
Астанада Назарбаев университетінде Мемлекет басшысының қатысумен бітірушілермен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада Назарбаев университетінде Мемлекет басшысының қатысумен бітірушілермен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаев бітірушілерді оқу жылының аяқтауымен құттықтап, оларға өсиет айтты.
"Бүгін 737 студент оқу аяқтап жатыр. Біз университетіміздің тарихында алғаш рет 9 докторантты оқытып шығардық. (…) Еңбек нарығында жүрген бітірушілеріміз өздерінің бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп, үлкен сұранысқа ие болып жатыр. Олар ірі компанияларда жұмыс істеп жатыр", - деді Мемлекет басшысы.
"Университеттің және зияткерлік мектептердің есігі барлығына ашық. Бірақ оқу орнына дарынды, еңбекқор, білім алуға ұмтылатын жастар түседі. Университетке түсу мен ондағы жетістіктердің барлығы әділ, сіздер оны білесіздер. Бұған қандай да бір субъектив факторлар әсер етпейді. Бұл барлығы білуі тиіс принцип", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
"Университетіміздің белгілі бір элитаға арналғаны немесе ерекше адамдарға арналғаны, сондай-ақ, мұнда оқуға көп қаражаттың керек екені жайлы әңгімелерді естіп жатамын. Мұның барлығы Қазақстанның болашағы үшін. Университет - еліміздің активі. Ал университет түлектері - болашағымыздың қоры. Сондықтан да болар мұнда оқуға түсуге 10 мыңға дейін студент өтініш білдіреді, бірақ олардың 400 немесе 500-і ғана түседі. Кім үлгерді, кім бәсекелестікке төзе алды сол адамдар осында оқиды. Мен сіздерге бар жақсылықты тілеймін", - деді түлектерге Нұрсұлтан Назарбаев.
Суреттер: Тұрар Қазанғапов
Салтанатты іс-шараға студенттер мен олардың ата-аналары, профессорлар мен оқытушылар және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.
Айта кетейік, бүгін Астанада Назарбаев университеті студенттерінің салтанатты шарасы өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар маңызды шараны ашық аспанның астында өткізуді шешкен, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты іс-шара бұл жолы ерекшеленді. Түлектерді салтанатты түрде құттықтау рәсімінде барлығы жаңбырдың астында қалып қойды.
Показать комментарии
Читайте также