Назарбаев үстіне шапан киіп, қазақстандықтарды Наурызбен құттықтады

© Тұрар Қазанғапов

Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Биыл "Астана Арена" стадионы мен велотрек арасына жайғастырылған этноауылға Назарбаев қызыл кілем үстімен жүріп өтіп келді. Айта кетейік, велотректе жеңімпаздар форумы өтіп, оған Мемлекет басшысы қатысқан болатын.

Реклама
Реклама

Президент халық алдына шапан киіп шықты, оның жанында Дариға Назарбаева жүрді, оның киімінде де ұлттық ою-өрнектер бар.

"Баршаңызды Қазақстанға тәуелсіздікпен бірге келген Наурызбен, көктем мерекесімен құттықтаймын. Біз біртұтаспыз, болашақты құрамыз. Болашақ үшін біздің жастарымыз еңбек етуі тиіс", - деді Назарбаев.

Президент барша тілектің бүгін міндетті түрде орындалатынын айтты. Ол әр үйге жылулық, бақыт, береке мен жақсылықты тіледі.


Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама