Назарбаев Вейонисті Латвияның президенті болып сайлануымен құттықтады

Назарбаев Вейонисті Латвияның президенті болып сайлануымен құттықтады Раймондс Вейонис. © rus.delfi.lv

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Раймондс Вейониске Латвия Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті өз құттықтауында біздің еліміз бен Латвияның достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасы болашақта екі халықтың игілігі, татулығы мен тұрақтылығы үшін нығая беретініне сенім білдірген.

Нұрсұлтан Назарбаев Вейониске мықты денсаулық, қызметіне табыс, ал достас Латвия халқына бақ-береке тіледі.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама