Назарбаев жаңа үкімет жайлы: Айтарлықтай өзгерістер болмайды

Нұрсұлтан Назарбаев © Тұрар Қазанғапов

Президент Н?рс?лтан Назарбаев ?кіметтегі ?згерістер жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтегі өзгерістер жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назарбаев Мәсімовтің ҰҚК басшысы қызметіне тағайындалуының терроризм қатерінің күшейген кезеңінде өзекті екенін түсіндірді. 

"Қазір үкімет отставкада. Ұзаққа созбаймыз, жаңа министрлер мәселесін шешеміз. Айтарлықтай өзгерістер болмайды деп есептеймін, себебі үкімет өз жұмысын қиын кезеңде істеп жатыр, қойылған тапсырмаларды орындап жатыр. Барлығымыз жақсы жұмыс істеуіміз керек", - деді Назарбаев. Ол алда Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі келе жатқанын еске салды. 

Реклама
Реклама

Кеше Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған болатын. Ал ҰҚК бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news12
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама