Назарбаев жаңажылдық қайырымдылық балына қатысты

© akorda.kz

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Астанада?ы жа?ажылды? ?айырымдылы? балына ?атысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңажылдық қайырымдылық балына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы кешке қатысушыларға арнаған сөзінде Жаңа жыл мерекесі әрдайым көтеріңкі көңіл-күй мен бақытты болашаққа деген үміт сыйлайтынын атап өтті.

"Өтіп бара жатқан жыл жарқын және ауқымды оқиғаларымен есте қалады. Қысқы Универсиада мен халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесі қазақстандықтарға және шетелдік қонақтарға спорт пен технологияның тамаша мерекесін тарту етті. Біз Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитін жоғары деңгейде өткіздік", - деді Қазақстан Президенті.

Реклама
Реклама

Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде еліміздің бейбіт бастамаларын ілгерілету мәселелеріне және алдағы жылы Қазақстанның осы халықаралық ұйымға төрағалық етуінің перспективаларына ерекше тоқталды.

"Бұл - әлемнің екі жүзге жуық елінің жас мемлекетке білдірген айрықша сенімі. Келесі жылы Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, сондай-ақ басқа да көптеген маңызды іс-шаралар өтеді. Бұл жеңістердің барлығы - әрқайсымыздың күш-жігеріміз бен қажырлы еңбегіміздің нәтижесі. Әрбір азаматымыз Қазақстанның жетістіктеріне қатысы бар екенін сезінгені маңызды", - деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кешке қатысушыларды келе жатқан жаңа 2018 жылмен құттықтап, барша қазақстандықтарға зор денсаулық, қуаныш пен шаттық тіледі.

"Бәріміздің үйіміз мейірім шуағына бөленіп, бақ-берекеге толы болсын!", - деді Қазақстан Президенті.

Жаңажылдық балды өткізуден түскен қаражат қайырымдылық мақсатқа бағытталатын болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news5
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама