Назарбаев жақында Қазақстан халқының саны 25 миллионға жететінін айтты

© Tengrinews.kz

?аза?стан Республикасыны? 25 жылды?ына арнал?ан 15 желто?санда?ы мерекелік жиында Н?рс?лтан Назарбаев жа?ын уа?ытта ?аза?станды?тарды? ?мір жасы ?зара т?сетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған 15 желтоқсандағы мерекелік жиында Нұрсұлтан Назарбаев жақын уақытта қазақстандықтардың өмір жасы ұзара түсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің бағдарламаларымыз орындалған кезде жан басына шаққанда ЖІӨ 4,5 есе өседі, 46 мың доллар бұл біз ұмтылып келе жатқан дамыған елдер деңгейімен тең. Барлық тұрғын тұрғылықты жері, жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайына қарамастан, жоғары деңгейдегі білім мен медициналық көмек ала алады. Қазақстан мектеп білімі ең жоғары алғашқы 30 елдің қатарына енеді. Біздің басты оқу орындарымыз әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері қатарында болады. Бүгінгі жүргізіліп жатқан реформалар, халықтың жақсы тұрмысы қазақстандықтардың өмір жасын 82 жылға дейін жеткізеді. Жапондармен тең боламыз", - деп атап өтті Перзидент. 

Мемлекет басшысы жақын болашақта Қазақстан халқының саны 25 миллионға жететінін атап өтті.  

Реклама
Реклама

"Оның ішінде белсенді тұрғындар саны 11 миллион болады", - деп атап өтті Қазақстан президенті мерекелік жиын барысында. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама