Назарбаев жастарды байлардан үлгі алуға шақырды

©Vinnitsaok.com.ua

Нұрсұлтан Назарбаев жастар бай болуы үшін табысты адамдардың өмірбаянын үлгі етуі керек деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отандық кәсіпкерлердің табысқа жету жолдары жастарға үлгі болуы тиіс. Әрбір қазақстандық мектеп оқушысы, әрбір жас қазақстандық "Билл Гейтстер" мен "Джобстарды", біздің табысты кәсіпкерлерді білуі керек. Ондайлар бізде бар, қазір оларды атап бере аламын, олар осы залда отыр. Біз кеңестік ескі әдет бойынша Тәуелсіздік алған жылдары жоқтан бар жасап, бүгінде танымал адам болғандар туралы айтуға қорқамыз", - деді Назарбаев Ұлттық инвесторлар кеңесінде.

Елбасы бәрін нөлден бастаудан қорықпау керектігін айтты. "Бәрі де солай жоқтан бастаған, қиындықтар арқылы бірте-бірте дамыды. Турасын айту керек, біз бай адамдарды ынталандырамыз, бай адамдар өз қаржысына жұмыс орындарын ашып жатыр, экономикаға ақша салып жатыр, елді дамытуда", - деді ол.

Реклама
Реклама

"Адамдар миллиардерлер миллиардтаған ақшасын қап-қап қылып арқасына асынып жүреді деп ойлайды. Олар - зауыттарда, кәсіпорындарда, жолдарда тұр. Сондықтан, ойға алған жерімізге ұялмай барайық. Біз Қазақстанда бай адамдардың көп болғанын қалаймыз", - деді Елбасы.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама