Назарбаев жауапкершілігі мол адамдардан тұратын ұлт жөнінде көзқарасын айтты

© Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысыны? "Болаша??а ба?дар: рухани жа??ыру" атты ма?аласында Н?рс?лтан Назарбаев мы?тылар ?лты ж?не адамдарды? жауапкершілігі мол болуы ?шін не ?ажет екенін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев мықтылар ұлты және адамдардың жауапкершілігі мол болуы үшін не қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президенттің осыған дейінгі реформалар кең масштабты жұмыстарды қамтиды және бұл тек мемлекетке ғана қатысты емес барша қазақстандықтарға арналғанын жеткізді. 

"Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі - саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Реклама
Реклама

Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақ­сат-міндеттері, басымдықтары мен оған жет­кізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыс­тары­мыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады", - деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз мақаласының кіріспесінде. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласының толық нұсқасы.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама