Назарбаев Жолдауды іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

© Тұрар Қазанғапов

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев Мемлекет басшысыны? 2018 жыл?ы 10 ?а?тарда?ы "Т?ртінші ?нерк?сіптік революция жа?дайында?ы дамуды? жа?а м?мкіндіктері" атты ?аза?стан хал?ына Жолдауын іске асыру ж?ніндегі шаралар туралы жарлы??а ?ол ?ойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

Реклама
Реклама

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүйелi негiзде жүргiзудi қамтамасыз етсiн;

2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жарлыққа түсіндірмені мына жерден көруге болады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бүгін латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news7
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама