Назарбаев жыл соңына дейін латын әліпбиіне көшу жобасын даярлауды ұсынды

Саясаттанушы Ерлан ?арин Tengrinews.kz тілшісіне берген с?хбатында ?аза?стан Президентіні? 2017 жылды? со?ында дейін латын ?ліпбиіне к?шу жобасын даярлауды ?сын?анын айтты.

Саясаттанушы Ерлан Қарин Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан Президентінің 2017 жылдың соңында дейін латын әліпбиіне көшу жобасын даярлауды ұсынғанын айтты.

"Президент "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы идеяға қайта тоқталып, осы идеяны жүзеге асыруға қатысты нақты жоспарларды айтады. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. ", - деп келтірді Мемлекет басшысының сөзін Ерлан Қарин.

Саясаттанушының айтуынша, Президент бұл жолы нақты жоспарды айтып, тіпті белгілі бір мерзімдерді атап өтті.

Реклама
Реклама

"Латын әліпбиіне көшу - жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылғымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр", - деді саясаттанушы.

Айта кетейік, мемлекеттік БАҚ-тарда Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы жарияланып жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news21
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама