Назарбаева бала кезінде ата-анасының қандай кеңес бергенін айтып берді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева ата-анасының кеңестері туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ата-анам маған уақытты босқа өткізбей, оқу керек екенін, кейін уақыт табылмайтынын айтатын. Шынымен де қазір оқып-білгің келеді, дегенмен оған уақыт тапшы", - деді Назарбаева тілшілерге.

Шет тіл туралы айта отырып, ол тіл білетін адамның кемшіліксіз болатынын жеткізді. "Қай жаққа барсаң да, сол жердің тілін естіген кезде сен өзіңді, қоршап жатқан әлемді басқаша сезінесің", - деді ол.

Реклама
Реклама

"Мен өзімнің ана тілімнен бөлек орыс, ағылшын, италиялық тілді білемін. Кезінде неміс тілін де оқыдым. Неміс тілінде киноларды түсініп көремін. Тек тәжірибем жоқ. Француз тілін де оқып бастадым. Араб, қытай тілдерін де білгім келеді", - деді Назарбаева қанша тіл білетіні туралы сұраққа жауап бере отырып.

Айта кетейік, Қазақстанда үш тілде білім беру жүйесі белсенді түрде дамып келе жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама