Назарбаева Қазақстандағы мерзімді қызметтегі сарбаздардың санын көбейтуді ұсынады

Сенатты? Халы?аралы? ?атынастар, ?ор?аныс ж?не ?ауіпсіздік комитетіні? басшысы болып та?айындал?ан Дари?а Назарбаева ?аза?станда?ы мерзімді ?ызметтегі сарбаздарды? санын к?бейтуді ?сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы болып тағайындалған Дариға Назарбаева Қазақстандағы мерзімді қызметтегі сарбаздардың санын көбейтуді ұсынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ең бірінші кезекте, біз үкіметтегілермен жастардың көбісінің мектепті аяқтаған соң не колледждерге, не жоғары оқу орындарына түспей, жұмыссыз жүретіні туралы көп айтқан болатынбыз. Статистика жаман көрсеткіштерді көрсетіп тұр. Жыл сайын 24 мың түлек бос жүреді. Мен мерзімді қызметтегі сарбаздардың санын көбейтуді ұсынамын. Бұл жастарға әскерде қызмет етуге қосымша мүмкіндік береді. Меніңше, бұл ұсыныс еліміздегі әскердің де, мемлекеттің де пайдасына тиеді. Сарбаздардың санын көбейту жақсы болар еді", - деді Назарбаева Сенат отырысынан кейін.

Ал өзінің жаңа қызметке тағайындалуына байланысты ол былай деді: "Менің ойымша, сенатор қызметін атқару - үлкен жауапкершілік пен сенім. Жұмыс маған қызық, барлығы таныс. Мен енді жаңа қызметті танып білетініме қуанып отырмын. Алда қызықты жұмыстар күтіп тұр деп ойлаймын", - деді Дариға Назарбаева.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news10
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама