Назарбаевқа ұшақ сатып алынған ба? “Қазақмыс“ мәлімдеме жасады

Фото:depositphotos.com

"Қазақмыс" корпорациясы бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұшақ сатып алынғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақмыс" корпорациясы бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұшақ сатып алынғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде "Қазақмыс" корпорациясы Назарбаевқа 84 миллион долларға Airbus ACJ TwoTwenty бизнес-джетін сатып алды деген ақпарат пайда болған еді.

"Бірқатар БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қазақстанның тұңғыш президенті үшін "Қазақмыс" корпорациясы ұшақ сатып алды деген ақпараттың таралуына байланысты, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Корпорация мәлімдемесінде, компания жеке тұлғалар үшін ұшақ сатып алмағанын атап өтті.

"Ұшақ сатып алу тек компанияның өндірістік қажеттіліктеріне байланысты. Мұндай мәміле туралы кез келген мәлімдемелер негізсіз және қоғамды адастырады. Біз бұқаралық ақпарат құралдарын және әлеуметтік желілердің кейбір қолданушыларын таратылатын ақпараттың дұрыстығын тексеріп, тексерілмеген деректерді жариялаудан аулақ болуға шақырамыз", - деп толықтырды "Қазақмыс".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама