Назарбаевқа форум кезінде сый сыйлады

© Тұрар Қазанғапов

?Р Президенті Н?рс?лтан Назарбаев?а Республикалы? форум кезінде ?аза?станда шы?арыл?ан ?ол са?атын сый?а тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Республикалық форум кезінде Қазақстанда шығарылған қол сағатын сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарғандылық жас кәсіпкер Арман Досқанбаев Мемлекет басшысына сөз сөйлей отырып, Қазақстанда шығарылған қол сағатын сыйға тартты. 

"Қазір менің жасым 25-те, менің төрт компаниям бар. Оның біреуі жылына 168 миллион теңге алып келеді, 33 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Біз қазақстандық қол сағаттарын шығарамыз. Мұның барлығы Сіздің жарлығыңызбен жасалған "Бизнес-2020" бағдарламасының аясында жүзеге асып отыр. Осыған орай сізге алғыс айтуға рұқсат етіңіз, мына қол сағат арнайы сіз үшін жасалды", - деді ол. 

Реклама
Реклама

"Енді біз өзіміздің сағаттарды тағатын боламыз, швейцариялықтарды тақпаймыз", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама