03 шілде 2020 | 18:00

Назарбаевтың плазмасынан вакцина әзірленіп жатыр деген хабарлама жоққа шығарылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың қан үлгілері негізінде коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл мәлімет "Панорама" атты ресейлік сатиралық сайтта пайда болды. Онда бұл вакцинаны Қазақстан Ғылым Академиясы әзірлеп жатқаны айтылады.

Реклама
Реклама

"Назарбаевтың қан материалдары негізінде коронавирустық инфекциядан вакцина әзірлеу туралы желіде тараған мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына тиісті сараптама жүргізу және оның одан әрі таралуына жол бермеу бойынша барлық шараны қабылдау тапсырылды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктегілер қазақстандықтар әлеуметтік желілерде және Интернетте жалған мәліметтерге сенбеуге және тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram