ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2018 | 14:33
Назарбаевтың тапсырмасымен мұғалімдер жалақысының қалай өсетіні белгілі болды
Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мұғалімдердің жалақысы қалай өсетіні туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мұғалімдердің жалақысы қалай өсетіні туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Президенттің тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігіне бөлінетін қосымша қаражат 2019 жылдан бастап тәрбиешілердің, әдіскерлердің және балабақша меңгерушілерінің жалақысына қосылады. "Педагог статусы туралы" заңнаманың аясында мектеп директорлары мен мектеп директорларының орынбасарларының жалақысын өсіру қарастырылып отыр. Сондай-ақ, сыныпқа жетекшілік ететін және дәптер тексеретін мұғалімдердің де жалақысын үш есеге өсіру жоспарланып отыр", - деді білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.
Вице-министр Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, тәрбиешілердің, әдіскерлердің және балабақша меңгерушілерінің жалақысы 30-50 пайызға өседі. Бірақ олар ұлттық біліктілік тестілеуінен өтуі тиіс екен.
"(...) "Педагог статусы туралы" заңнаманы дайындап жатырмыз. Заңды ешкім де бұза алмайды, ал бұзған жағдайда біз жауапкершілікке тартамыз", - деді Суханбердиева.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге өсіруді тапсырған болатын. "Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. (...)", - деген еді Президент.
Показать комментарии
Читайте также