13 маусым 2022 13:47

Назгүл Сағындықова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: primeminister.kz

Назгүл Сағындықова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назгүл Сағындықова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Назгүл Ерікқызы Сағындықова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Назгүл Сағындықова 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастаған. 2001-2005 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеген. 2005-2018 жылдары "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ басшылық қызметтерін атқарған. 2018-2020 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі инспекторының міндетін атқарушы, инспекторы - әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болған.

Реклама
Реклама

2020 жылғы қарашадан бастап ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі - Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болған.

Еске салайық, бұған дейін Руслан Сәкеев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram