Кеше 08:40

Назым Қызайбай тұратын көшеге жаңа асфальт төселгені рас па?

Фото: ҰОК/ Сали Сабиров

Желіде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай тұратын ауылдың жолы жөнделді деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай тұратын ауылдың жолы жөнделді деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алайда Алматы облысының әкімдігі мұны жоққа шығарды.

Реклама
Реклама

"Әлеуметтік желілерде бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Назым Қызайбай тұратын Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылының көшелері жаңартылды деген бейнероликтердің таралуына байланысты, ақпарат жалған және шындыққа жанаспайтынын еске саламыз. Біз жұртшылықты әлеуметтік желілерде таралатын ақпаратқа сыни көзқараспен қарап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Еске салайық, бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында ел қоржынына қола медаль салды.

50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем және Азия ойындарының чемпионы, қытайлық Ву Юге есе жіберді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram