ПОДЕЛИТЬСЯ
03 шілде 2020 | 11:47
Індетті тек барлық талапты сақтау арқылы жеңе аламыз - Мұрат Әйтенов
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әлеуметтік желі арқылы эпидемиялық ахуал жайлы хабарлама жасады. Онда қаладағы төсек-орындар мен дәрі-дәрмек қоры туралы жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әлеуметтік желі арқылы эпидемиялық ахуал жайлы хабарлама жасады. Онда қаладағы төсек-орындар мен дәрі-дәрмек қоры туралы жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде Шымкент қаласында 3480 төсек-орын бар, оның 802 орны бос. Жұқпалы ауруларға арналған орындар - 80,3 пайыз, провизорлық - 76,2 пайызға толған. Қазір 2678 науқас, оның ішінде жансақтау бөлімінде 131 сырқат емделіп жатыр. Қосымша алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының базасында 628 орын және жеңіл атлетикалық спорт кешенінің базасында 450 орындық күндізгі стационар ұйымдастырылды", - деді Әйтенов.
Шымкентте эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері коронавирустың 3151 жағдайы тіркелген, 705 науқас сауығып, 15 науқас қайтыс болған. Тәулігіне өсім - 2,2 пайыз
Әкімнің айтуынша соңғы бір айда ЖРВИ-ді (ОРВИ) жұқтыру 2 есеге, пневмониямен сырқаттану 5,8 есеге артып, жедел жәрдем шақырулары 5,5 есе өскен.
Бірыңғай дистрибьютор арқылы 207,1 миллион теңгеге қосымша дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарға тапсырма беріліп,76,8 млн.теңгенің тауары бүгінге дейін жеткізілген. Жұқпалы аурулар ауруханасына жергілікті бюджеттен 502 миллион теңге бөлініп, қосымша 61 жасанды желдету аппараты алынған. Сондай-ақ демеушілер есебінен 200 Бобров аппараты сатып алыныпты.
Қазір қалада дәрі-дәрмек қоры қатаң бақылауда және үздіксіз жеткізілуі жолға қойылған. Нақтырақ айтқанда ыстықты түсіретін дәрілердің (Парацетамол, Эффералган, Панадол, Нурофен, Ибупрофен, Нимесулид) қоры 139 700 қорап, оның ішінде дәріхана қоймаларында – 65 600 қорап, дәріханаларда – 74 100 қорап.
- Вирусқа қарсы дәрілердің (Ингавирин, Эргоферон, Кагоцел, Арпефлю) қоры 38 610 қорап, оның ішінде дәріхана қоймаларында – 17 200 қорап, дәріханаларда – 21 410 қорап.
- антибиотиктердің саны (Азитромицин, Цефтриаксон, Цефиксим, Амоксициллин, Левофлоксацин) 47 655 қорап, оның ішінде дәріхана қоймаларында - 7450 қорап, дәріханаларда – 40 205 қорап.
Қазір қалада 103, КОЛЛ-орталығы (109, 1430) диспетчерлік қызметтерінің саны ұлғайтылып, үздіксіз қызметі жолға қойылған.
"Үкімет те, қала әкімшілігі де халық дансаулығын сақтау үшін үлкен қызметтер атқаруда. Бірақ халық, қала тұрғындары тәртіпке бағынып, карантин шараларын сақтамай індетті тоқтату қиынға соғады. Сондықтан сақтық шараларын күшейтіп, жауапты болуға шақырамын", - деп Мұрат Әйтенов сөзін түйіндейді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также