11 маусым 2024 | 13:30

Небәрі 1,5 жыл қалды - премьер-министр әкімдіктерге тапсырма берді

Фото:depositphotos.com

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы сапалы ауыз суды қамтамасыз ету аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі деп атады. Бұл ретте оны орындау үшін небәрі 1,5 жыл қалған.

"2025 жылдың аяғына қарай халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл – аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Уақыт тығыз, небәрі 1,5 жыл қалды. Әкімдіктер сумен жабдықтау көрсеткіштерінің жоғары деңгейіне қарамастан, ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарын күшейтуге тиіс. Сумен қамтамасыз ету жұмыстары басым тәртіппен қаржыландырылуы тиіс. Елді мекендердің ішінде су желілерін жүргізу жұмыстарын топтық су құбырларының инфрақұрылымын ауылдардың шекараларына дейін тарту жоспарларымен үйлестіру керек", - деді Олжас Бектенов.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная