NEF Qazaqstan басшысына іздеу жарияланды: ол қандай күдікке ілінген?

Фото: qamqor.gov.kz

NEF Qazaqstan бас директоры Тарык Волкана Оскайға іздеу жарияланды. Бұл ақпаратқа Алматы полициясы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

NEF Qazaqstan бас директоры Тарык Волкана Оскайға іздеу жарияланды. Бұл ақпаратқа Алматы полициясы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тарык Волкан Оскайды іздеу туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды. Бұл іс 18 сәуірде Алматыда тіркелген, Ішкі істер министрлігі іздеу жұмыстарын бастаған.

qamqor.gov.kz

Реклама
Реклама

Полиция не дейді?

Алматы ПД мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Азамат О. қылмыстық іс бойынша сырттай күдікті ретінде танылды. Оған сот "қамауда ұстау" шарасын сырттай санкциялады. Қазір күдіктінің орналасқан жерін анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

NEF Qazaqstan халықаралық құрылыс салушының еншілес ұйымы саналады, ол пәтерлер мен көппәтерлі үйлерді сатып алу-сату бойынша мамандандырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама