ПОДЕЛИТЬСЯ
14 желтоқсан 2023 | 14:33
Неге 150 мың қазақстандық қол қойған петицияның күші болмайды? Вице-министр түсіндірді
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадіров 150 мыңнан аса дауыс жинаған петицияның неге күші болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадіров 150 мыңнан аса дауыс жинаған петицияның неге күші болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Онлайн петиция 2024 жылдың сәуірінен бастап заңды күшіне енеді, өйткені заң қазанда қабылданды, қабылданғаннан кейін 6 айдан кейін күшіне енеді. Сәуірден бастап петиция беруге барлық заңды негіз болады. Қазіргі уақытта бұл заңмен реттелмеген және қарастырылмайды", - деді Қадіров Сенат отырысында.
Оның айтуынша, 150 мың дауыс жинаған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияның Қазақстанда заңды күші жоқ.
"Әр азаматтың дауысы өте маңызды екенін түсінуіміз керек, адам "eOtinish" (азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну платформасы – еск.) арқылы өтініш беруге құқылы. Сәуірде петицияға арналған платформа жұмыс істей бастайды, қазақстандықтар өздерінің заңды құқықтарын пайдалана алады", - деп түйіндеді сөзін вице-министр.
Оның айтуынша, мәслихат деңгейінде кемінде 2500, үкімет деңгейінде 50 мыңнан аса дауыс жинау керек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также