24 шілде 2022 | 17:35

"Неге үнемдеп жатырмыз?" Әнші Айқын Алматы әкімдігіне үндеу жолдады

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Instagram-парақшасында Көктөбедегі телемұнараның жобасына тоқталып, Алматы әкімдігіне үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Instagram-парақшасында Көктөбедегі телемұнараның жобасына тоқталып, Алматы әкімдігіне үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әртістің айтуынша, телемұнара - оңтүстік астананың басты көрікті жерлерінің бірі. Дегенмен, жарық болмауына байланысты, түнде ол мүлдем көрінбейді.

"Телемұнара бүкіл қалаға көрініп тұруы керек. Париждегі "Эйфель мұнарасындай" жарқырап тұруы қажет. Құрметті әкімдік, осыған жарықты неге үнемдеп жатырмыз, ал жақын жерде мейрамхана мен Көктөбедегі шолу дөңгелегі жарқырап тұр?", - деп сұрады әнші.

Реклама
Реклама

Әншінің үндеуіне қала әкімдігінің өкілдері әлі жауап берген жоқ.

Айта кетейік, Алматы телемұнарасы әлемдегі ең биік мұнара саналады. Оның шыңы теңіз деңгейінен 1452 метр биікте аяқталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная