Негізінде біздің боксшымыз Олимпиада чемпионы деп танылды - Тоқаев Левит жайлы

© Данияр Майлыбаев

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Рио Олимпиадасының ақтық сынында кездескен қазақстандық боксшы Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың даулы жекпе-жегіне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Левит пен Тищенконың финалдық жекпе-жегінің барлық қазылары шеттетілді. Бұл болып көрмеген жағдай. Біздің боксшымыз негізінде Олимпиада чемпионы болып танылды", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, ақтық кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ресейлік Евгений Тищенко қазақстандық Василий Левитті 3-0 есебімен жеңді деп тапқан еді. Кейін бұл жекпе-жек турасында халықаралық дау туындап, бокс әлемінің мамандары шешімнің әділ болмағанын мәлімдеп жатты.

Реклама
Реклама

Ал кейін Халықаралық әуесқой бокс федерациясы осы жекпе-жекте төрелік еткен төрешілерді Олимпиаданың соңына дейін шеттеткен болатын.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама