Некеге мәжбүрлеу: Қазақстанда жаңа бап бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстанда еркінен тыс некеге тұрғызу немесе бірге тұру мақсатында адам ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін жаңа бап бойынша жеті қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда еркінен тыс некеге тұрғызу немесе бірге тұру мақсатында адам ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін жаңа бап бойынша жеті қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бабы "Неке қиюға мәжбүрлеу" енгізілді. Енді мұндай әрекеттер ауыр қылмыс ретінде сараланады және кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал ауыр жағдайларда жаза 10 жылға дейін ұлғаяды.

ІІМ мәліметінше, бұрын жәбірленушіні өз еркімен жіберген жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін норма алынып тасталған. Енді жаза жәбірленушіні босатқанына қарамастан тағайындалады.

Реклама
Реклама

"Жаңа өзгерістер күшіне енген сәттен бастап ішкі істер органдарының бөліністері Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкентте неке қиюға мәжбүрлеу деректері бойынша жеті қылмыстық іс қозғаған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 15 адам ұсталған", - делінген ІІМ хабарламасында.

Әрбір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмыстардың барлық мән-жайлары анықталып жатқаны айтылды.

"Ішкі істер министрлігі азаматтарды зорлық-зомбылық пен некеге мәжбүрлеу жағдайларына бейжай қарамауға шақырады. Мұндай деректер туралы ақпарат болса, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама