Несиені кешіру: Қазақстанда жаңа механизм іске қосылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Несиені кешіру: Қазақстанда жаңа механизм іске қосылады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бүгін Сенат қаржы нарығын дамыту және азаматтарға несие беру кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сенат қаржы нарығын дамыту және азаматтарға несие беру кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түзетулердің бірі - қарыз алушының келісімінсіз және қатысуынсыз ресімделген, алаяқтық жолмен алынған несиені сотқа дейін есептен шығару. Бүгінгі қолданыстағы норма бойынша мұндай несиелер тек сот шешімімен есептен шығарылады.

"Осы заң жобасы аясында алаяқтық жолмен алынған қарыздарды сотқа дейін есептен шығарудың жаңа тетігін енгізіп жатырмыз", - деді Сенатта өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.

Реклама
Реклама

Банктер немесе микроқаржы ұйымдары мұндай несиені сотқа дейін есептен шығаруға міндеттеледі.

Олжас Қизатовтың сөзінше, алаяқтық жолмен алынған несиені төлеп бастаған немесе оларды соңына дейін төлеген адамдарға қаржысы қайтарылмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама