ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 шілде 2026 13:39
Несиесі бар қазақстандықтарға қандай құқығы бары ескертілді
Қаржылық жағдайы нашарлап, несиені уақытында төлеу мүмкіндігі болмай қалған қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына қарызды қайта құрылымдау туралы өтініш бере алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржылық жағдайы нашарлап, несиені уақытында төлеу мүмкіндігі болмай қалған қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына қарызды қайта құрылымдау туралы өтініш бере алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өтінішке қаржылық қиындықтың туындау себептерін растайтын құжаттарды қоса беру қажет. Олардың қатарында жұмыстан айырылу, табыстың азаюы, уақытша еңбекке жарамсыздық немесе қарызды өтеуге кедергі келтірген өзге де жағдайлар болуы мүмкін.
Заңға сәйкес, банк немесе микроқаржы ұйымы өтінішті алған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қарап, оның нәтижесі туралы жазбаша жауап беруге міндетті.
Қарау қорытындылары бойынша кредитор қарыз шарттарын өзгертуді келісе алады, берешекті реттеудегі өзінің талаптарын ұсына алады не уәжді бас тартуды ұсына алады.
Берешекті реттеу аясында мынадай шаралар қолданылуы ықтимал:
- ай сайынғы төлем мөлшерін азайту;
- төлемдерді кейінге шегеру;
- өтеу кестесін өзгерту;
- кредитордың ішкі тәртібінде көзделген өзге де тетіктер.
Егер қарыз алушы кредитордың шешімімен келіспесе, дауды сотқа дейін реттеу үшін банк немесе микроқаржы омбудсманына жүгіне алады.
"Қаржылық қиындықтарды жасырмай, кредиторға уақытылы жүгінген дұрыс. Бұл берешекті реттеудің тиімді жолдарын қарастыруға және қаржылық жағдайдың одан әрі қиындау қаупін азайтуға мүмкіндік береді", – деп еске салды агенттік.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу