Нидерланды "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуға белсенді дайындалуда

© BNews.kz

Нидерланды Корольдігіні? Сырт?ы істер министрлігінде ?аза?стан Елшілігіні? ?атысуымен голланд ?кіметі мен "Royal Dutch Shell" компаниясы арасында "ЭКСПО-2017" халы?аралы? мамандандырыл?ан к?рмесі аясында?ы ынтыма?тасты? туралы келісімге ?ол ?ою р?сімі ?тті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

Р?сімге Нидерландыны? СІМ, "Royal Dutch Shell" компаниясыны? ?кілдері, ?аза?станны? Нидерландыда?ы Елшісі Ма?жан Ілиясов, Нидерландыны? ?аза?станда?ы Елшісі Дирк Коп, сондай-а? "ЭКСПО-2017" к?рмесіндегі Нидерландыны? ?лтты? комиссары Ханс Дриссер ?атысты, деп хабарлады ?Р СІМ.

Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Елшілігінің қатысуымен голланд үкіметі мен "Royal Dutch Shell" компаниясы арасында "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі strategy2050.kz сайтына сілтеме жасап.

Рәсімге Нидерландының СІМ, "Royal Dutch Shell" компаниясының өкілдері, Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Мағжан Ілиясов, Нидерландының Қазақстандағы Елшісі Дирк Коп, сондай-ақ "ЭКСПО-2017" көрмесіндегі Нидерландының ұлттық комиссары Ханс Дриссер қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.

Келісімде қомақты қаржылық қолдаумен қатар, Нидерланды үкіметі мен "Royal Dutch Shell" компаниясы арасындағы тығыз ынтымақтастық көзделеді.

Нидерландының ЭКСПО көрмесіне қатысудағы тәжірибесі зор. Бұл 1851 жылы Лондонда өткен бірінші дүниежүзілік өнеркәсіптік көрмеге қатысқан аз елдердің бірі.

Реклама
Реклама

Астанада өтетін көрменің "Болашақтың энергиясы" атты тақырыбы Нидерланды үшін ерекше өзекті. 2050 жылға қарай голландықтар елдің энергиямен қамтамасыз етілуін жаңартылатын энергия көздеріне толықтай көшіруге ниетті. Ол үшін елде 1000-нан астам жеке кәсіпорындар мен энергетикалық одақтарды біріктіретін Жаңартылатын энергетика қоры құрылған.

"ЭКСПО-2017" көрмесінің жаһандық демеушісі бола тұрып, "Royal Dutch Shell" Астанадағы көрмеде өз корпоративтік павильонын да таныстырмақ, онда компанияның болашақ энергиясы саласындағы озық ғылыми әзірлемелері мен инновациялары ұсынылады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама