Норвегиялық екі азамат Алматы тауларында адасып кетті

© livejournal.com

Норвегиялық екі азамат Алматы тауларында адасып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иманқұловың айтуынша, 25 шілдеде сағат 18.05-те Бостандық ауданында Республикалық жедел-құтқару жасағы сағат 16:15-те шатқалда адасып, жоғалып кеткен екі норвегиялық азаматты тапты.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, құтқарылған екі азаматтың жағдайы жақсы.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысындағы тауларда 17 жастағы жігіттің қаза тапқаны туралы хабарланған болатын. 23 шілдеде 21.00-де Алматы облысы ТЖД кезекші-диспетчер қызметінің телефонына Алматы облысында Ескелді ауданының территориясындағы Жоңғар Алатауында Қора өзенінің шатқалында Бессонов мұздығында Қарағанды облыстық туристік клубтың қатысушысы құлап кетті деген хабар түскен. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама