ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2021 | 11:59
Норвегияда жерленген қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімі жарияланды
Қазақстан елшілігі Норвегияда жерленген қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан елшілігі Норвегияда жерленген қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осло, 2021 жылдың 18 наурызы - Қазақстанның Ослодағы елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияда болған Норвегияда тұтқында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімін (2021 жылғы наурыздағы жағдай бойынша) жариялады.
Соңғы айларда 12 қазақстандық сарбаздың аты-жөні мен жерленген жері анықталды. Есімдері белгілі қазақстандық солдаттардың жалпы саны 56 адам.
Тізімде сарбаздың туған жылы мен мекені, әскерге шақыру, қызмет ету, тұтқындалуы, қайтыс болуы және жерленген жері, туыстары туралы мәліметтер, сондай-ақ қолда бар құжаттарға сілтемелер берілген. Тізім "Фальстад орталығы" (Норвегия), Қазақстан аумағынан шақырылып Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілер туралы "Мемориал" деректер банкі, сондай-ақ Ресейлік "Мемориал" жиынтық деректер банкі сияқты бірнеше деректер көздерінен алынған ақпаратты салыстыру арқылы жасалды.
"Фальстад орталығы" ұсынған ақпарат солдаттың жерленген орны туралы нақты мәліметтерімен құнды. Ресейлік "Мемориалда" әскери тұтқындардың картотекасы, ал қазақстандық "Мемориалдың" мәліметтері - Қазақстандағы жауынгердің туған жері мен әскерге шақырылуы туралы толық ақпарат бар. Қаза тапқан сарбаздардың көбісі бір немесе екі ғана мәліметтер базасында көрсетілгені іздеуді қиындатады. Көптеген жағдайда солдат есімі мен географиялық атаулардың бұрмаланып жазылуы проблемасы да бар.
Елшілік Норвегияда жерленген қазақстандық сарбаздардың барынша толық тізімін жасау мақсатында норвегиялық "Фальстад орталығымен" өзара әрекеттесуді жалғастырмақ. Бүгінгі күнге дейін Норвегияда жерленген кеңестік әскерилердің шамамен 15 500 саны туралы белгілі болып, олардың 7 804-тің есімдері анықталды.
Сонымен қатар, Елшілік Норвегиядағы қаза тапқан қазақстандықтардың тағдыры туралы басқа да дереккөздерден алған. Атап айтқанда, жуырда табылған дереккөз бойынша 1944 жылы 27 маусымда Киркенесті бомбалау кезінде 22 қазақстандықтың қазаға ұшырауы туралы ақпарат зерттелуде.
2020 жылдың қаңтарында 44 солдаттың алғашқы тізімі жарияланғаннан бері тек бір сарбаздың туысқандары ғана табылды. Елшілік жарияланған ақпарат сарбаздардың ұрпақтарын, туыстары мен жақындарын табуға көмектеседі, зерттеулерді одан әрі жүргізуге және солдаттарды мәңгі есте қалдыруға үлес қосады деп үміттенеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также