ПОДЕЛИТЬСЯ
12 шілде 2021 | 10:23
Норвегияда сурет өңделгенін белгілеуді міндеттейтін заң қабылданды
Норвегия парламенті көпшіліктің даусымен жаңа заң қабылдады, онда контент жасаушылар жарияланған суреттің өңделгенін жазуға міндеттеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Норвегия парламенті көпшіліктің даусымен жаңа заң қабылдады, онда контент жасаушылар жарияланған суреттің өңделгенін жазуға міндеттеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ixbt.com сайтына сілтеме жасап.
Заң жарнама берушілер мен танымал адамдарға қолданылады, ол "қоғамдағы дене бітім қысымымен" күресуге арналған. Заң күшіне енуі үшін оған патша қол қоюы керек.
Жастар мүдделерін қорғау топтары мен Норвегияның Балалар және отбасы істері министрлігі көптеген жыл бойы балалар мен жасөспірімдердің сыртқы келбеті идеал ретінде көрсетілетіндерге сәйкес келмейтініне өзіне сенімсіздіктің артуына байланысты суретті редакциялауға қатысты қатаң шаралар қабылдауға шақырып келеді. Бұл сенімсіздік өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейіне және психикалық бұзылуларға әкеледі.
Осы заңды шағаруға 70 мыңға жуық бала мен жаста психикалық денсаулығына байланысты емделуді қажет ететін проблемалары бар екені негіз болғаны айтылған. 5,4 миллионнан аз халқы бар ел үшін бұл айтарлықтай көп. Сондай-ақ, психикалық проблемалар әсіресе қыздар арасында жиі кездеседі және анорексия осы санаттағы өлімнің үшінші себебі.
Заң жобасында жастар суреті өңделген модельдер көрсетілетін жарнамалар мен әлеуметтік желілер арқылы үлкен қысымға ұшырайтыны жазылған. Олар жастарда сұлулық идеалын қалыптастырады, ал оған қол жеткізу мүмкін емес.
Осылайша 2009 жылғы норвегиялық маркетинг туралы заңға түзету енгізілетін болды. Ол бойынша, жарнамалық және демеушілік хабарламаларда өңделген, өзгерген суреттерде Норвегияның Балалар және отбасы істері министрлігі жасаған арнайы белгі болуы керек. Бұл талапты сақтамағандарға айыппұл салынады, ал кейбір жағдайларда бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Белгіленген манипуляция мысалдарына ерін, бұлшық ет үлкейту және қыпша бел жатады.
Заң ең алдымен жарнама берушілерге қатысты болғанымен, ол Facebook, Instagram, Snapchat, TikTok және Twitter-дегі кез келген өтемақы немесе пайда алатын атақты адамдарға және басқа пайдаланушыларға қолданылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также