Нөсер және аптап: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазгидромет 14, 15 және 16 маусым күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет 14, 15 және 16 маусым күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан аумағына циклондар келеді. Алдағы күндері солтүстік-батыстан кезекті циклон мен атмосфералық фронттар келе бастайды. Олар өзімен жаңбыр мен найзағай алып келеді. 15-16 маусымда Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының кейбір аудандарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және ауа температурасының төмендеуі мүмкін.

"Ал еліміздің оңтүстік жартысы Иран аймақтарынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында қалып, жоғары ауа температурасы сақталады", – деді синоптиктер.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама