ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қыркүйек 2023 | 12:03
Nostrum Oil&Gas PLC: Қазақстан үшін стратегиялық маңызды энергетикалық әріптес
Nostrum Oil & Gas PLC Қазақстанның солтүстік-батысындағы Каспий маңы бассейнінде мұнай мен газды өндірумен, игерумен және барлаумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы. Оның акциялары Лондон қор биржасында және Астана халықаралық биржасында орналастырылған. Компанияның негізгі өндірістік активі – Орал қаласынан тыс жерде орналасқан, оның толық меншігіндегі еншілес компаниясы «Жайықмұнай» ЖШС арқылы игерілетін және пайдаланылатын Чинарев кен орны.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Nostrum Oil & Gas PLC Қазақстанның солтүстік-батысындағы Каспий маңы бассейнінде мұнай мен газды өндірумен, игерумен және барлаумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы. Оның акциялары Лондон қор биржасында және Астана халықаралық биржасында орналастырылған. Компанияның негізгі өндірістік активі – Орал қаласынан тыс жерде орналасқан, оның толық меншігіндегі еншілес компаниясы «Жайықмұнай» ЖШС арқылы игерілетін және пайдаланылатын Чинарев кен орны.
Іске қосылғаннан кейін жүргізілген модернизация мен модификация аяқталғаннан соң, Nostrum 4 қыркүйекте өзінің заманауи газды кешкнді дайындау қондырғысын (ГКДҚ-3) сәтті қайта іске қосқанын жариялады. Алдыңғы қатарлы турбодетандер технологиясы қолданылған ГКДҚ-3 құрылысына 750 млн. АҚШ доллары жұмсалды. ГКДҚ-3 қуаты жылына 2,5 млрд. текше метрді құрайды, нәтижесінде газды қайта өңдеу қондырғысының жалпы қуаты жылына 4,2 млрд. текше метрді құрады. Қазіргі уақытта аталған газ өңдеу объектісі халықаралық стандарттарға сәйкес тауарлық газ, СКГ және конденсат өндіреді.
Қазақстан Республикасында газдандыру деңгейін арттыру маңызды, өзекті және басым міндет болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Елді газбен қамтамасыз ету де – өзекті мәселе. Тауарлы газдың ресурстық базасын кеңейту – Үкіметтің және ұлттық газ компаниясының басты міндеті. Жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету және қолданыстағы зауыттардың қуатын барынша пайдалану қажет» деген.
Nostrum басшылығы компания 2030 жылға қарай екі есеге артады деп күтілетін елдегі тауарлық газға деген жылдам өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруда маңызды рөл атқаратын Каспий маңы бассейнінде газ конденсатын өндіретін ірі компаниялардың жанында стратегиялық түрде орналасқан соңғы технологиямен салынған газ өңдеу қондырғыларын толық пайдаланбайды деп бірнеше рет мәлімдеді.
Компанияның қолданыстағы бар энергетикалық инфрақұрылым елдің ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздігін арттыратын, сондай-ақ даму үшін елеулі экологиялық және экономикалық артықшылықтар мен пайданы қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы үшін тиімді ұсыныс болып табылатынына Nostrum өз тарапынан нық сенімді. Мемлекет ел ішінде газ өндірудің айтарлықтай тапшылығы мәселесінің барлық ықтимал ұзақ мерзімді шешімдерін қарастырғанымен уақыт өте маңызды! Басқа да жаңа инфрақұрылымдық жобалар ұзақ мерзімді перспективада әзірленіп жатқанда бұдан әрі жоспарланатын инвестициялармен күшейтілетін «Nostrum» компаниясының қолданыстағы газ өңдеу инфрақұрылымы ішкі нарыққа газ жеткізуді салыстырмалы түрде тез ұлғайта алады, бұл Қазақстанның өңделген тауарлық газдың неғұрлым қымбат және белгісіз шетелдік жеткізілімдеріне тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді.
Компанияның Бас атқарушы директоры Арфан Ханның айтуынша: «ГКДҚ-3 мінсіз қайта іске қосу-біздің инженерлік-техникалық және өндірістік ұжымның жоғары шеберлігінің, іске берілгендігінің және командалық жұмысының дәлелі. Бұл біздің Компания үшін Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан кешенді газ өңдеу инфрақұрылымын өндірудің жоғары стандарттарын көрсететін маңызды кезең. Өндірістің жалпы қуаттылығы-жылына 4,2 миллиард текше метр, қазіргі уақытта ол бөгде газды қабылдауға, сондай-ақ 2023 жылдың IV тоқсанында күтілетін «Ural Oil & Gas» ЖШС шикізатын қабылдауға дайын».
Nostrum компаниясы ГКДҚ-3 және басқа да газ өңдеу қуаттарының көмегімен Қазақстандағы тауарлық газдың ресурстық базасын кеңейту жөніндегі Үкіметтің бастамасын қолдауда өзінің маңызды рөл атқара алатынына сенімді және Компания бұл бастаманы қолдауға дайын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также