"Нұр Отан" фракциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын мақұлдады

"Нұр Отан" фракциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын мақұлдады ©Ярослав Радловский

&quotНұр Отан&quot фракциясы 2015-2025 жылдарға арналған партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды&nbspTengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp

&quotҚарастырылып жатқан бағдарлама &quotҚазақстан-2050&quot Стратегиясында қойылған міндеттер мен партия Доктринасындағы басымдықтарды ескере отырып, қазақстандық қоғам мен мемлекетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жұмылдыру мақсатына шақыратын маңызды құжат&quot, - деді&nbspФракция жетекшісі Дариға Назарбаева Мәжілісте өткен жиналыста. Сондай-ақ ол&nbspҚазақстанда үш жауапты элементтен тұратын жүйені құруға жағдай жасау жаңа бағдарламаның негізгі құндылығы болатынына тоқталды. &quotБіріншісі - азаматтарға қызмет ететін тиімді мемлекет, екіншісі - экономикалық даму, азаматтық қоғамның қозғаушы күші ретіндегі мықты бизнес. Үшіншісі &ndash жауапты азаматтық қоғам&quot, - деп атап өтті ол.

Депутат Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, бағдарламаны жасап шығу үшін фракция мүшелері барлық күшін салған. Бағдарламаның мақсаты біздің уақытымыздың талабымен үндесіп жатыр. &quotБағдарлама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дайындалып жатқан 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік Стратегияның идеологиялық негізін қалыптастыруға бағытталған. Біз оны баршаға түсінікті етіп дайындауға тырыстық. Талдау көрсеткендей, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елімізде сыбайлас жемқорлықтың деңгейінің жоғарылығы күрделі мәселе болуда. Сондықтан &quotҚазақстан-2050&quot Стратегиясының ауқымды міндеттерін іске асыру үшін елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің тиімділігін, сапасын арттыру қажет&quot, - деді ол.&nbsp

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, &quotНұр Отан&quot партиясы жаңа бағдарламаның жобасын осы жылдың шілде айында көпшіліктің талқылауына ұсынған болатын. &nbspАталған құжаттың жобасы 6 мыңнан астам бастауыш партия ұйымдарының, өңірлік Саяси кеңестердің отырыстарында қаралып, талқыланған.&nbspБағдарлама жобасында белгілі тәуелсіз сарапшылардың, ҮЕҰ-ның, ғылыми орталардың кеңестері де ескерілген.&nbspБағдарлама жобасына орай партия мүшелерінен, сарапшылар қауымдастығынан және интернет-пайдаланушылардан 900-ге жуық ұсыныстар мен толықтырулар түсіп, соның арқасында бастапқыдағы Бағдарлама жобасы мәтінінің 40 пайызы өзгеріске ұшыраған.&nbspСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасы &quotНұр Отан&quot партиясы Саяси кеңесінің қарауына қазан айының соңғы онкүндігінде ұсынылады.

Еске сала кетейік, &quotНұр Отан&quot партиясының XV Съезінде партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев &quotсаяси көшбасшылықтың түбегейлі мәселесі ретінде ымыраға көнбейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны әзірлеу&quot міндетін тапсырған.

Осыдан бір ай бұрын ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы жемқорлықты жою шарасы туралы айтқан болатын. Оның сөзіне қарағанда, болашақта шағын бизнестің заңды тұлғалары үшін мөр басу талабының міндеттілігі түгелдей алынып тасталады. 2015 жылдың шілдесінде салынған нысандарды пайдалануға беру бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы таратылады. Оларды атқару міндеті арнайы жауапкершілікпен тәуелсіз сарапшыларға беріледі. Сондай-ақ жерді пайдалану саласындағы жер телімдерін мақсатты пайдалануды жүктеудің 46 түрі толығымен алынып тасталады.&nbspТұрғын орындары үшін жер телімдерінің үш тұрпаты енгізіледі - тұрғын үйлік, әлеуметтік, коммерциялық.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама