ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2022 | 16:23
Nur Otan партиясы саяси кеңесінің жаңа құрамы жарияланды
Nur Otan партиясы саяси кеңесінің жаңа құрамына кімдер кіргені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Nur Otan партиясы саяси кеңесінің жаңа құрамына кімдер кіргені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Nur Otan партиясының съезінде партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралғаны хабарланды. Оған партия мүшелерінің санына сәйкес барлық облыс өкілдері кірген.
"Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55 пайызға жаңарды. Әйелдер өкілдігі 33,7 пайызға өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есе өсіп, 13 пайызға жетті. Орташа жас 4 жылға қысқарды, яғни 47 жасқа дейін. Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бір есеге қысқарды.
Саяси кеңес құрамында азаматтық сектордың өкілдігі айтарлықтай артты. Білім беру саласының өкілдері екі есе өсті (10 пайыз). ҮЕҰ мен БАҚ үлесі екі еседен астам өсіп, 15,2 пайызға жетті", - делінген хабарламада.
Партияның саяси кеңесі мүшелерінің жаңа тізімі төмендегідей:
- Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы – Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы;
- Әбішев Нұралы Алмаханұлы – Bokei ЖШС директоры;
- Айтжанова Динара Нұржанқызы - Павлодар облысы кәсіподақтары аумақтық бірлестігінің төрайымы;
- Әлсейітов Оспанбек Балтабайұлы – "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры, "Павлодар мұнай-химия зауыты" БҚҰ төрағасы;
- Алтаев Аманжол Дүйсенбайұлы – ғалым филолог, ақын-импровизатор;
- Алтынбеков Бекзат Қомарұлы – Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;
- Әскеров Эмин Халилұлы – Green TAL ЖШС әлеуметтік цехының меңгерушісі, жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі;
- Ахметова Гүлмира Асқарқызы - "Қазақстан Халық банкі" АҚ Талдықорған өңірлік филиалының директоры;
- Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы;
- Әбдіғалиұлы Берік - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- Бақтығалиева Айнура Асқарқызы - "Life4job" ЖШС директорының орынбасары, "LIFE4JOB" БПҰ төрайымы, Nur Otan партиясы жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің мүшесі;
- Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы - Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Bolashak saraiy ШЖҚ МКК басшысы;
- Бгентаева Мейрам Мұхаметрахымұлы - Қазақ ұлттық университетінің ректоры.
- Булгацевич Татьяна Борисовна - "SENIM" Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы"РҚБ Қостанай облыстық филиалының төрағасы;
Толық тізімді мына сілтемеден көре аласыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также