ПОДЕЛИТЬСЯ
24 шілде 2020 | 15:19
Nur Otan партиясының праймеризі саясатқа жаңа есімдер әкелуі керек - Айдос Сарым
Қазақстан толыққанды дамыған мемлекетке айналуы үшін еліміздегі саяси партиялар жаңа 3 мың депутатты жасақтап шығаруы керек деп есептейді танымал саясаттанушы Айдос Сарым, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан толыққанды дамыған мемлекетке айналуы үшін еліміздегі саяси партиялар жаңа 3 мың депутатты жасақтап шығаруы керек деп есептейді танымал саясаттанушы Айдос Сарым, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ал, жаңа депутаттардың әрбірі бюджет қаражатының жұмсалуы мен заң нормаларының орындалуын қадағалауы тиіс деп есептейді ол.
Айта кетейік, биыл маусым айында құрылған Nur Otan партиясы жақтастары лигасы мүшелері zoom-конференция өткізіп, елдегі әлеуметтік-саяси жағдайды талқылады.
"Мәслихат болсын, Парламент болсын, жаңа есімдерді, жаңа тұлғаларды күтеді. Қазақстанда мәсдихаттардың 3335 депутаты бар. Енді, әрбір партия кемінде осы 3000 адамды шығара алса және олар кәсіби болса, бюджеттің қайдан құралып, қайда жұмсалатынын білсе, әкім мен бюджетті бақылай алса, болашақта билікті сақтау, мемлекетті сақтау мәселесі күшейеді. Терең ұлт, терең мемлекет дегеніміз осы. Саяси аренаға жауапкершілігі бар, азаматтық белсенділігі жоғары адамдар келсе, праймериз ашық, дұрыс өтсе, оған барынша көп азамат, әсіресе, осыған дейін саясатта көрінбеген тұлғалар келсе, халық тарапынан Парламент пен мәслихатқа деген сенім артады", - дейді Айдос Сарым.
Оның айтуынша, және осы үрдістердің бәрі эволюциялық жолмен, халық пен мемлекет деген екі мүдденің арасында жүру керек.
Конференция модераторы Ерлан Саиров болса партия праймеризінің ашық әрі әділ өтуін қадағалау мәселесін көтерді. Әсіресе аталған саяси науқан аймақтарда формалды түрде өтіп кетпеуі керек дейді ол. Өйткені, жергілікті әкімдер қолдағы билікті, яғни мәслихатты оңайлықпен бергісі келмейді. Ал, медиа-менеджер Бағдат Қожахметовтің айтуынша, праймериз өткізуде Nur Otan ең алдымен АҚШ тәжірибесіне сүйенуі қажет.
"Жалпы, билік өз қолындағы мүмкіндіктен оңай айрылуға дайын емес. Саясатты өзгерту керек, ол үшін жаңа саясаткерлер керек. Оны екі түрмен ғана өзгерте аламыз: ревюлюциялық және эволюциялық. Революциялық қадамға барған Украина мен Қырзыстанды көрдік. Революция өтті, ал оның артында көптеген қиындық қалды. Сондықтан, эволюция – дұрыс жол.
Бұл ретте праймериз үлкен мүмкіндік. Nur Otan партиясына айтарым, праймеризді праймериз үшін ғана деп өткізуге болмайды. Оны анық өзінің ережелері бойынша, заңға сәйкес, АҚШ-тан шыққан тәжірибенің бәрін пайдаланып іске асыру керек", - деді ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также