ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2022 | 08:40
Nur Otan саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы жарияланды
Nur Otan партиясының саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Nur Otan партиясының саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Партия мәліметінше, саяси кеңестің қаулысы бойынша бюроның жаңа құрамы бекітілді:
- Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы;
- Мәулен Әшімбаев - Парламент Сенатының төрағасы;
- Ерлан Қошанов - Президент Әкімшілігінің басшысы;
- Ерлан Саиров – Мәжіліс депутаты;
- Дархан Қыдырәлі - "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы;
- Аббат Өрісбаев - Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты;
- Ләззат Қалтаева - Сенат депутаты;
- Геннадий Зенченко - "Зенченко және К" КТ директоры;
- Элина Паули - "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары.
Бұған дейін Nur Otan партиясы саяси кеңесінің жаңа құрамы жарияланған болатын.
Саяси кеңес бюросы - партияның басқару органы.
Бюро съездер мен саяси кеңес отырыстары аралығындағы партия жұмысына басшылық жасайды, өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді қарайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также